Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    3,5 мың кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

    Елімізде кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz— ке сілтеме жасап. 

    Прокуратура органдары мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге екі ай мерзімінің өтуіне қарамастан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (МӘМС туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

    Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

     

    «Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады. Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды. Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жалғасып жатыр», – деп мәлім етті Бас прокуратура.

     

    Қазір ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесі салық органдарымен тоқтатылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Айта кетейік, Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →