Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Шу ауданында шопан 60 кг марихуана дайындаған

    Жамбыл облысының Шу ауданында 51 жастағы шопан есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today Polisia-ға сілтеме жасап. 

    «Қарасора – 2023» жедел іздестіру кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы , ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс  қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдаланып, есірткі дайындаған азаматты ұстаған.

    Күдіктіні тексеру кезінде одан 57 кг 140 грамм кептірілген марихуана, 4 кг 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

    Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →