Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң •

    Алматыдағы көппәтерлі үйдегі өрт: екі қылмыстық іс қозғалды

    Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтепе жасап.

    Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков мәлім етті.

     

    «Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді ол баспасөз мәслихатында.

     

    Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

    Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

    Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды. Оның ішінде 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

    Бұдан бұрын өрт кезінде қаза тапқан әйелдің өлімінің мән-жайы айтылған.

    Сондай-ақ, өртенген тұрғын үй кешенін салған компания жайлы деректерді жариялағанбыз.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →