Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Африка құрлығындағы қақтығыс: Руанда әскері Конгоға басып кірді

    Руанда елінің әскері Конго Демократиялық Республикасының аумағына басып кірді. Бұл туралы Конгоның Қарулы күштері мәлімдеме жасады.

    Конго армиясының мәлімдеуінше, Руанданың жасағы шекарадан өтіп, қару қолданған. Бұл арандатушылық әрекеттен ештеңе шықпаған соң, олар қайтып өз елдеріне кеткен.

    Әзірше қарулы қақтығысқа неше адамның қатысқаны белгісіз. Қолда бар дерекке қарағанда, екі елдің арасындағы жағдай 1994 жылдан бері  ушыққан. Сол жылы Руандада біраз халық қырылып, геноцид болған. 2021 жылы шиеленіс тағы ушықты. Бұл жолы Конгоның М 23 деген көтерілісшілер тобы Уганда және Руанданың шекарасымен шектесетін жерде өз елінің армиясын атылап, жақын маңдағы қалаларға барған. Бұл топ 2012 – 2013 жылдары Конгоның шығыс бөлігіндегі аумақты басып алған болатын. Содан бері ол жерде көтерілісшілер тобы өздерін еркін ұстап, ара-тұра өкіметтің әскеріне шабуыл жасап отырған.

    2021 жылы Конго әскері мен БҰҰ-ның Қарулы күштері көтерілісшілер тобын ығыстырып, елдің шығысындағы жердерді қайтарып алды. Қазір Конго билігі осы қақтығыстарға Руанданың кінәсі бар екенін айтады. Ал Руанда болса, өз кезегінде көрші елдің билігін Руанданы азат ету демократиялық қозғалысын қолдап келеді деп айыптайды. Бұлар да көтерілісшілер  тобы болып саналады. Бұл топқа көбінесе хуту этносының өкілдері кіреді. Олар Конгоның аумағында орын тепкен.

     

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →