Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ақмола облысында алаяқтық жасаған бұрынғы бөлім басшысы бес жылға сотталды

    Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің экс-басшысы алаяқтық жасап, бес жылға сотталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық соты.

    ТКШ бөлімінің экс-басшысы А. азаматтарға мемлекеттік меншіктегі газ тарату станциясының ғимаратын бұзып, бөлшектеуді ұсынған.

     

    Экс-басшы рұқсат қағазы үшін олардан 12 миллион теңге сұраған. Алдын ала төлем ретінде ол азаматтардан 4 миллион теңге алып, бұзу құқығы туралы жалған анықтама берген. Кейін объектіні бұзудың орнына жалға алуды ұсынып, олармен 30 жылға мүліктік басқару шартына қол қойысқан. Бұл үшін экс-басшы тағы ақша талап еткен, — дейді облыстық сот.

     

    Осылайша, ТКШ бөлімінің экс-басшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігінің 1),2)-тармақтарына сәйкес ірі көлемде алаяқтық жасаған.

     

    Сонымен қатар А. өз танысынан 11 000 000 теңге қарыз алып, оған ТКШ бөлімінің балансында тұрған генераторлық қондырғыны кепілге берген. Сөйтіп экс-басшы мемлекетке 1 322 381 теңге сомасында материалдық залал келтіріп, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған, — дейді ведомство.

     

    Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, айғақтарды тексеру және нақтылау хаттамаларымен, құжаттарды алу және қарау хаттамасымен, қабылдау-тапсыру актісімен, тексеру хаттамасымен және сарапшылардың қорытындыларымен, аудиторлық есеппен дәлелденген.

    «Сот үкімімен А-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол бұдан былай мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды», — делінген сот хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →