Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы өрттен 100-ден астам адам эвакуацияланды Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті Алматыдағы өрттен 100-ден астам адам эвакуацияланды Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды Қазақстандағы ресейліктер көші-қоны: 2022 жылғы толқыннан кейінгі жағдай Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті

    Ресей әскери техникасы Батыс Қазақстан облысына оқу-жаттығуға келген

    Апта басынан бері әлеуметтік желіде форма киген адамдар мінген әскери жүк көліктерінің Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде жүргені туралы видео тараған. Видео Бөкей ордасы ауданындағы Темір Масин атындағы селолық округ маңында түсірілген деп айтылады. Бұл туралы Азаттық жазды.

    Украинада соғыс жалғасып жатқан тұста және бірқатар ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға «шүйлігуінен» кейін Ресей туын ұстаған әскери көліктердің шекараға жақын елді мекендерде жүруі қолданушыларды алаңдатқан.

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ресей әскері Қазақстаннан жалға алған әскери полигонда жаттығу өткізу үшін келді деп мәлімдеді.

    «Ресей әскерилері Бөкей ордасы ауданындағы полигонға кетіп бара жатқан. Олар жолшыбай Бөрілі ауылында дүкенге кіріп, азық-түлік алып, көп кідірмей жолға шыққан. Олар заңға қайшы ештеңе жасамаған» деді әкімдік өкілдері.

    Қазақстан қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

    Ресей Қазақстанның үш аймағынан (Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) әскери полигондарды жалға алған.

    Украинадаға соғыс басталғалы бері осыған ұқсас видео наурызда да тараған. Ол кезде Ресей әскери техникасы Қостанай көшелерінен байқалған.

    Оқиғаға түсініктеме берген Қазақстан қорғаныс министрлігі Қостанай облысында ресейлік «іздеу-құтқару командасы өкілдерінің сол өңірге қонған ғарышкерлер капсулын іздеп жүргенін» айтқан.

    Украинада соғыс басталғанға дейін де Мәскеу саясаткерлері Қазақстанда «русофобия» барын айтып, «территориялық претензия» айта бастаған. Жуырда Мәскеу қалалық думасының депутаты «денацификация аймағына» Қазақстанды да енгізу қажеттігін мәлімдеген. Ал Қазақстан билігі депутаттың мәлімдемесіне реакция білдірмейтінін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →