Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды •

    Алматы марафонында рекорд жаңарды

    Желаяқтар жарысына 28 елден спортшылар қатысты

    Алматы марафонында рекорд жаңарды. Жарысқа 5,5 мың спортшы қатысты.Пандемиядан кейін өткен марафонға 28 елден спортшылар келген. Шетелдіктер ТМД елдерінен бөлек Ұлыбритания, АҚШ, Австралиядан да арнайы келген.

    «Елімізде өтетін марафондар әлем сайыстарының картасына түсіп, халықаралық іс-шаралар деңгейдегі шыққанына өте қуаныштымын. Бұл жағдай ішкі туризмге серпін ғана емес, сырттан келетін туристтер үшін де тартымды оқиғаға», — деп «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры және жарысты ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева.

    Абсолютті есепте Мәскеуден келген марафоншы жеңімпаз атанып, рекорд жаңартты. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ринас Ахмадеев 21 км қашықтықты  1 сағат 5 минут 11 секундта жүгіріп өтті.

     «Мұндай іс-шаралар қазақстандық және шетелдік туристердің назарын аударады. Сондықтан соңғы бірнеше жылдары осындай іс-шаралардың ұйымдастырушыларын барынша қолдауға тырысып жүрміз. Мысалы, Business Media Central Asia көрме холдингімен, «Бірінші болу – батылдық» қорымен бірлесіп, осы жылдың маусым айында елордада «Qazaqstan Live Fest» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

    Kazakh Tourism баспасөз қызметінің хабарлауынша, Qazaqstan Live Fest-туризм, спорт және белсенді өмір салтына арналған Қазақстан үшін жаңа шара. Фестиваль аясында 2022 жылдың 19 маусымында алғашқы астаналық Nur-Sultan Half Marathon жартылай марафоны бастау алады. Марафонның мәресі мен сөресі «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →