Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды

    Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын тиімді игере алмаған органдар мен өңірлерді атады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

     

    «Жергілікті бюджеттердің кірістері 121,7%-ке атқарылды және 3,1 трлн теңгені құрады. Жоспар 552 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 504 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды», — деді министр.

     

    Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет шығыстары 99,3%-ке, республикалық бюджет шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ке атқарылды.

     

    «Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Мұнда 62 млрд теңге атқарылмай қалды, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу болса, 49 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт және Сыртқы iстер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», — деді Е. Жамаубаев.

     

    Жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,8 трлн теңгені құрады. Онда 28 млрд теңге атқарылмай қалған.

     

    «Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд теңге бөлінген. Оның 99% игерілген. Игерілмей қалған 8 млрд теңге Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында қалыптасты», — деп түсіндірді Қаржы министрі.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын елдің 4 өңірінде өндіріс көлемі төмендеп кеткені хабарланған.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →