«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки Де Йонг жыл соңына дейін ойнамайды
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки Де Йонг «Депортивоға» қарсы матчта балтыр бұлшықетін жарақаттап, жыл соңына дейін ойынға шықпайды. Бапкер Ханси Флик пікір білдірді.
Сурет: sports.kz
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки Де Йонг Испания Ла Лигасының 14-турында «Депортивоға» қарсы матчта (5:1) жарақат алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
65-ші минутта Де Йонг балтыр бұлшықетін жарақаттап, ауыстыруды сұрады — оның орнына алаңға Андреас Кристенсен шықты.
Испандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Френки Де Йонг биыл «Барселона» сапында бұдан былай ойнамайды — қалпына келуі үшін оған кемінде бір ай қажет. Ойыншының жарақаты туралы «Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик те пікір білдірді: «Френкидің балтыр бұлшықетімен бірдеңесі бар. Менің ойымша, ол қайтадан қатардан шықты». Осы маусымда Де Йонг бар болғаны жеті матч ойнап, оларда нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.
