Ресейлік актер Бангис Счастливый 62 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болды
Ресейлік театр және кино актері Бангис Счастливый 62 жасында өңештің қатерлі ісігінен қайтыс болды. Ол 23 қарашада өмірден өтіп, жақындары 26 қарашада растады.
Фото: ЖИ
Ресейлік театр және кино актері Бангис Счастливый 62 жасында өмірден өтті. Өнер иесі 23 қарашада қайтыс болған, ал актердің қазасы туралы ақпаратты оның жақындары 26 қарашада растады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Марқұмның досы Маринаның айтуынша, актер ұзақ уақыт өңештің қатерлі ісігімен күрескен. Бірнеше ота жасалғанына қарамастан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Бангис Счастливый 1964 жылы Ресейдің Тольятти қаласында дүниеге келген. Ол ресейлік криминалдық телехикаялардағы рөлдері арқылы көрерменге танылды. Актер «Улицы разбитых фонарей – 2», «Убойная сила», «Черный ворон», «Ключи от смерти» сынды туындыларда бой көрсетті.
