Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Санжар Бокаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Алматының Алмалы аудандық соты «ҚазТрансГаз» бұрынғы қызметкері Санжар Бокаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол кінәсін мойындамады.

    Санжар Бокаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фото: «Nege.kz» Telegram-арнасы

    Алматының Алмалы аудандық соты азаматтық белсенді, «ҚазТрансГаз» бұрынғы қызметкері Санжар Бокаевты орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Айыптау нұсқасы бойынша, Бокаев «ҚазТрансГаз» кәсіподағы «Еуропа – Қытай» автожүрісіне бөлген 42 млн теңгеден астам қаражатты өзінің жиһаз бизнесіне жұмсаған.

    Қылмыстық істің басқа эпизодтары оның Алматыны абаттандыру туралы бейнежазбаларына қатысты. Прокуратура Бокаевтың түсірілім үшін Үлкен Алматы өзенінің жағасынан гранит плиталарды ұрлауды ұйымдастырды және Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кестірді деп мәлімдейді. Оған сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату айыбы тағылды.

    Бокаевтың жиені Мәдияр Қалменов қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылды.

    Бокаевтың өзі кінәсін мойындамады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →