Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Жұлдыз Әбдукәрімова Үлкен Алматы көліндегі бейнежазбасымен жұртты тәнті етті

    Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Үлкен Алматы көліндегі қызыл көйлекпен түсірілген бейнежазбасын жариялап, желі қолданушыларының жылы лебізіне бөленді.

    Жұлдыз Әбдукәрімова Үлкен Алматы көліндегі бейнежазбасымен жұртты тәнті етті

    Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial

    Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Үлкен Алматы көлінің аясында түсірілген бейнежазбасын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қызыл түсті сәнді көйлек киген өнер иесі ақ қар жамылған асқар таулар мен көгілдір көлдің аясында бой көрсетті. Табиғаттың тамаша көрінісімен үйлесім тапқан актрисаның образы желі қолданушыларын тәнті етті.

    Жұлдыз Әбдукәрімова бейнежазбаның астына адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы ойлы жазба қалдырған.

    “Таудың құдіреті – шыңында,
    Қыстың құдіреті – аязында,
    Адамның құдіреті – мейірімінде болса керек”, – деп жазды актриса.

    Желі қолданушылары өнер иесінің талғамына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырды.

    “Нағыз қар ханшайымы”, “Жұлдыздың талғамы қашанда жоғары”, “Сіз ертегідегі ханшайымның рөлін сомдау үшін жаралғансыз”, “Талғампаздық – сөзсіз-ақ сыр шерте білу өнері”, – деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, Үлкен Алматы көлінің көз тартар табиғаты бұған дейін де өнер иелерінің шығармашылығына арқау болған. Жуырда скрипкашы Жібек Сақтан осы көлдің аясында оңтүстіккореялық композитор Yiruma-ның Kiss the Rain шығармасын орындап, көпшілікті сүйсінткен еді.

    Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш ұлына тұлпар сыйлағаны хабарланған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →