Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    «Басқа біреу болса баяғыда сынып кетер еді»: Анасынан айырылған блогердің әйелі жазба жариялады

    «Басқа біреу болса баяғыда сынып кетер еді»: Анасынан айырылған блогердің әйелі жазба жариялады

    Фото: Әсем Әділханова парақшасынан

    Жақында анасынан айырылған блогер Әділ Айтжановтың жұбайы Әсем Әділханова ауыр қазадан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ол марқұм енесіне арнап әсерлі жазба жариялап, сағынышпен еске алды.

    «Анамыздан айырылғанымызға 11 күн болды. Осы күндері өзімізге келудің өзі оңай болмады. Әлі де сағынып, жоқтығына үйрене алмай жүрміз. Анамыздың алдында берген уәделеріміз көп еді. Қызметімізді жасап, қызығымызды көрсетіп, жетістіктерімізді бірге көре алмадық…Бірақ әлі де кеш емес деп сенеміз. Алла қаласа, «осы кісінің баласы мен келіні ғой» деп мақтанатындай, бір-біріне тірек болатын, жетістігімен қуантатын отбасы боламыз. Сіздің атыңызды әрдайым биік ұстаймыз, анашым!»,– деп жазды ол.

    Сондай-ақ күйеуінің анасының қазасын ауыр қабылдаса да, жақындары үшін мықты болуға тырысып жүргенін айтты.

    «Осы қиын күндерде күйеуімнің қандай мықты, сабырлы адам екенін тағы бір түсіндім. Қанша сынақ келсе де, ішіне сақтап, ешкімге білдірмей, жаман жолға түспей, керісінше, «енді әкем, отбасым, бауырларым үшін жұмыс істеуім керек» деп шырылдап, бәріне үлгеруге тырысып жүр.
    Кейде күліп жүргеніне қарап, әртүрлі әңгіме айтпаңыздаршы. Оның ішінде не болып жатқанын, қандай ауыртпалықты көтеріп жүргенін өзіміз білеміз. Оның орнында кейбіріңіз баяғыда сынып кетер едіңіздер…
    Осындай қиындықта да мойымай, отбасын ойлап жүрген күйеуіммен мақтанамын. Алла саған күш-қуат, ұзақ ғұмыр берсін! Мен сенің жаныңдамын»,– деді блогер.

    Көпшілік жас отбасыға көңіл айтып, ауыр қайғыны еңсеруге күш-қуат тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →