Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды • Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек • «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды • Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек • «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды •

    Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады

    Қазақстандық 9 үстел теннисшісі 23-27 қарашада Дюссельдорфте өтетін WTT Feeder Dusseldorf II турниріне қатысады. Жүлде қоры — 30 мың доллар.

    Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады

    Сурет: inbusiness.kz

    23-27 қараша аралығында Германияның Дюссельдорф қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Dusseldorf II халықаралық турнирі өтеді. Онда Қазақстанның тоғыз спортшысы сынға түседі. Жүлде қоры 30 мың долларды құрайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, жарысқа Австралия, Бельгия, Германия, Мысыр, Үндістан, Испания, Италия, Қазақстан, Корея, Португалия, Таиланд, қытайлық Тайбэй және Жапония теннисшілері қатысады. Спортшылар жеке, жұптық және аралас разрядтарда медальдарды сарапқа салады.

    Іріктеу матчтары 23 және 24 қарашада болады. 25-27 қарашада турнирдің негізгі сеткасының кездесулері өтіп, жүлделі орындардың иелері анықталады.

    «Қазақстан атынан Айдос Кенжигулов, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Ирисбек Артукметов, Бақдәулет Акимали, Абдулла Мамай, Темірлан Джиенбаев, Зауреш Акашева және Сарвиноз Миркадирова сынға түседі», — деп хабарлады федерацияда.

    Дюссельдорфтегі турнир қазақстандық теннисшілер үшін халықаралық бәсекеде күшін сынап, рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін күресуге тағы бір мүмкіндік болады.

    Еске салайық, Қазақстан үстел теннисі федерациясын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек басқарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →