Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға
Мексикадағы концертте жанкүйер Димаш Құдайбергенді ернінен сүймек болды. Әнші дер кезінде жалтарып үлгерген. Видео әлеуметтік желілерде тарады.
Сурет: sn.kz
Мексикада өткен концертінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жанкүйері тосын әрекет жасады. Өнерпазға жақындаған қыз оны ернінен сүюге әрекеттенген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға 20 қарашада Мехикодағы концертте болған. Желіде тараған видеода жанкүйердің Димашты құшақтап, сүймек болғаны көрінеді. Алайда әнші дер кезінде басын бұрып, әрекеттен жалтарып үлгерген.
Бұл сәт концерт залындағы үлкен экраннан да көрсетіліп, залдағы көрермендердің назарын аударды. Концерттен түсірілген видео кейін әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. «Шектен шыққандық қой бұл», «Қызғанып кеттім Димашты», «Басқа-басқа Димаштан мұндайды күтпедік», «Сыйластық жоқ, жабайылық деп білемін мұны», — деп жазды оқырмандар.
