Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі • Президент ауыл шаруашылығына қатысты барлық бағдарламаны тексеруді тапсырды • Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі   • Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті • Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды • «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі • Президент ауыл шаруашылығына қатысты барлық бағдарламаны тексеруді тапсырды • Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі   • Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті • Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды •

    «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі

    «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі

    Фото: «Барыс» хоккей клубы

    Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 20 қарашада елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 27 ойыннан кейін 29 ұпаймен он бесінші орында тұрса, «Авангард» клубы 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан.

    Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

    Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

    «Барыс» командасының құрамы

    Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

    Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

    Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

    Айта кетсек, бұдан кейін қазақстандық клуб екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 22 қарашада Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, одан кейін 25 қарашада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →