Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым «Forbes» шолуына енді

    Қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахым «Forbes» басылымының «World of Forbes» айдарына енді. Оның Instagram парақшасында 2,1 млн жазылушы бар, жарнама құны 15 мың доллардан басталады.

    Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым «Forbes» шолуына енді

    Сурет: politico.kz

    Әлемге әйгілі «Forbes» басылымы «World of Forbes» айдарында қазақстандық 28 жастағы видеограф Дастан Мұхамедрахымның табыс тарихын жариялады. Бұған дейін қазақ тілі пәнінен сабақ берген ол қазір миллиондаған аудиторияға Қазақстанның көрікті табиғатын танытып жүр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, отандық контентмейкердің аудиториясы мен қызмет аясы қарқынды дамып келеді. Оның Instagram парақшасына 2,1 миллион адам жазылған. Бес адамнан тұратын командасымен бірге Мұхамедрахым «Kaspi.kz», «Air Astana» және «Turkish Airlines» сияқты ірі отандық және халықаралық брендтермен серіктестік орнатқан.

    «Forbes» деректеріне сүйенсек, блогердің парақшасында бір жарнамалық бейнеролик жариялау құны 15 мың доллардан басталады. Сонымен қатар Дастан Мұхамедрахым биылғы жылы «Forbes Kazakhstan» басылымының «30 жасқа дейінгі 30» рейтингіне енген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →