Семейде жұрт батпақ кешіп жүр: Әкімдік жолды қашан жөндейді?
Фото: видеодан скрин
Абай облысының Семей қаласындағы 905-құрылыс аумағында тұрғындар жол азабын тартып отыр. Желіде тараған видеодан көшенің ой-шұңқырға толып, жаңбыр суы жиналғанын көруге болады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашын бұдан да көп түссе, бұл жолмен жүру тіпті қиындайды. Жергілікті халықтың шағымы әлі күнге дейін толастамай, мәселе әлеуметтік желіде қайта көтерілді. Ал Семей қаласының әкімдігі бұл көшенің жағдайына қашан назар аударып, жолды жөндеуге кіріседі? Тұрғындар жауапты мекемелерден мәселені назарға алып, нақты шара қабылдауды сұрап отыр.
Видео: @sholpan.muldagalieva
