Жанболат Найзабеков Нұрболхан Шараповқа ескерту жасады
Актер Жанболат Найзабеков әзілкеш Нұрболхан Шараповқа желідегі жазбалары үшін ескерту жасағанын айтты. Ол бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлімдеді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Актер Жанболат Найзабеков әзілкеш Нұрболхан Шараповқа қатысты өз пікірін білдірді. Ол бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жанболат Найзабеков Нұрболханның желідегі жазбаларына қатысты ескерту жасағанын жеткізді. «Нұрболханға хабарласқанмын. «Көкем, осы жерден қоя қойшы. Threads-те қатты кетіп бара жатырсың. Мен сен үшін уайымдаймын. Әркіммен бір салғыласып, ұрыса бересің. Қатты кетпеші. Кезінде Ләйлә Сұлтанқызымен соттасып, жеңдім деген мотивациямен әлі жүрсің. Кез келген тентекке тентек табылады. Абайлашы»,– дедім. Алдында қырғыз бауырлармен де кішкене айқай болды. Сол кезде шыққаным бар. Бірақ тыңдады»,– деді ол.
