«Барыс» Магнитогорскінің «Металлургін» 5:4 есебімен жеңді — Ресей журналисі жеңістің сырын ашты
«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатында Магнитогорскінің «Металлургін» 5:4 есебімен жеңді. Джастин Бэйли хет-трик жасады, ал ресейлік журналист Иван Невский жеңістің себептерін түсіндірді.
Сурет: sports.kz
15 қарашада Астанадағы «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Шығыс конференциясының көшбасшысы Магнитогорскінің «Металлургін» өз айдынында 5:4 есебімен жеңді. Кездесудің басты кейіпкері — американдық шабуылшы Джастин Бэйли, ол хет-трик жасады. Сондай-ақ қазақстандық команда сапында Чейз Приски мен Кирилл Савицкий көзге түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ресейлік журналист Иван Невский «Барыстың» ойынына баға беріп, жеңістің себептерін атады. Оның пікірінше, біріншіден, Джастин Бэйли өте жақсы ойнады, екіншіден, команда шыдамдылық пен жанқиярлық танытты. «Алаңнан қуылулар көп болды, оның ішінде даулылары да бар, бірақ ең бастысы — азшылықта төтеп бердік. Егер «Металлург» 2:3 есебінде теңестірсе, сөзсіз қарқын қосар еді. Бұл, бәлкім, бүгінгі кездесудің шешуші сәті болды», — деп жазды журналист өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетейік, «Барыс» үш мүмкіндіктің бірінде көпшілікте ойнап, гол соқты, ал «Металлург» алты әрекеттің ешқайсысында қақпаға дәл тигізе алмады. Сонымен қатар қонақтар қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша астаналықтардан басым түсті — 34-ке қарсы 22.
