ҚазҰУ-дағы 1-курс студентінің қазасы: Полиция күдіктіні ұстады
Фото: nazarmedia.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті қаза тапты. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Ұлттық университеттің ұжымы марқұмның ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқу орны әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатқанын хабарлады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.
«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген департамент таратқан хабарламада.
Тергеу басталды.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде студенттердің қатысуымен түнде болған оқиға туралы түрлі ақпарат тарады. Атап айтқанда, студенттер арасында төбелес болғаны айтылған. Әзірге айтылған болжамдардың ешқайсысы әзірге ресми түрде расталған жоқ.
