Кездесу барысында ол өнер ұжымының шығармашылығына сәттілік тілеп, актерлермен әңгімелескен. Осы сәтті пайдаланған журналистер Мәулен Әшімбаевтан қазіргі уақытта қандай жұмыспен айналысып жүргенін сұрады.
«Мен енді халықтың ішіндемін. Өздеріңіз көріп жатырсыздар, күнде шараларға қатысып жатырмыз. Шетелге де барып, сол жақта шаралар өткізіп жатырмыз. Әрі қарай да елімізге, халқымызға қызмет етеміз деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.
Дегенмен бұрынғы Сенат төрағасы қазіргі уақытта нақты қандай қызмет атқаратынын ашып айтпаған.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев 2020 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы қызметін атқарды.
