Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбайды 50 жасымен құттықтады
Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде Мақсат Базарбайды 50 жасымен құттықтап, берік достықтары туралы жазба жариялады.
Сурет: sn.kz
Әнші Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Мақсат Базарбайға арнайы жазба жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі жазбасында Мақсат Базарбайды 50 жасқа толуымен құттықтап, жылы лебізін білдірген.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір біріміздің касымыздан табыла білетініміз бірінші АЛЛАға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» — деп жазды ол.
Жазбаға оқырмандар да риза болып, өз тілектерін жаудырды.
