Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Елдос Колобок ұлы Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртасқа кестірді

    Блогер Елдос Колобок ұлы Әлемнің бір жасқа толу тойында тұсауын әнші Қайрат Нұртасқа кестірді. Тойға танымал өнер және медиа өкілдері қатысты.

    Елдос Колобок ұлы Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртасқа кестірді

    Сурет: sn.kz

    Қазақстандық танымал блогер әрі кәсіпкер Елдос Колобок тұңғышы Әлемнің бір жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Мерекелік кешке танымал әншілер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Олардың қатарында Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Анарбаева, Қарақат пен Қыдырәлі, Жазира мен Жанболат сынды өнер және медиа өкілдері болды.

    Той барысында блогердің ұлы Әлемнің тұсауын белгілі әнші Қайрат Нұртас кесті. Елдос Колобок бұл таңдауының себебін түсіндіріп, әншіге деген ерекше құрметін білдірді.

    «Бұл кісінің орны бөлек. Қанша жылдар бойы киелі сахнаның легендасы. Өзі бағындырған биік шыңы бар. Басынан таймайтын бағы бар. Сондай бақ біздің баламызға да бұйырсын деп ниет еттік», – деді блогер әрі кәсіпкер Елдос.

    Мерекелік шара желі қолданушыларының да назарын аударды. Желіде тойға қатысты түрлі пікірлер айтылып, әсіресе Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртас кескені қызу талқыланды.

    Сондай-ақ той иелері тұсаукесер рәсіміне қатысқан әншіге қомақты қаржы мен бағалы сыйлық тарту еткені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →