Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді?
Қарқаралыдағы үш шақырым жолдың жөндеуі үш жылға созылып, асфальттың тек бірінші қабаты төселді. Тұрғындар екінші қабаттың қашан салынатынын сұрап отыр.
Видеодан кадр
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы – Қасым Аманжолов ауылы бағытындағы жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың наразылығын туғызды. Үлкен көл маңындағы небәрі үш шақырым жолдың құрылысы үш жылға созылғанымен, учаскеге асфальттың тек бірінші қабаты ғана төселген. Жұмыстың қайта-қайта тоқтап, ұзаққа созылуына наразы тұрғындар енді жолдың екінші қабаты тағы қанша уақыттан кейін салынатынын сұрап отыр. Ал жергілікті әкімдік пен «ҚазАвтоЖол» тарапынан жөндеу жұмыстарының не себепті осынша созылғаны және қалған бөлігі қашан аяқталатыны жөнінде нақты жауап берілуі қажет. Үш шақырым жолды үш жылда толық аяқтай алмау — жауапты мекемелердің жұмыс барысына қатысты заңды сұрақ туғызады. Тұрғындар жолдың толық әрі сапалы аяқталуын талап етіп отыр.
Видео: @vk_gazeta
