Тоқаев Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды. Форум 10–11 қараша аралығында өтіп жатыр.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Президентті әуежайда Ресей үкіметінің өкілдері қарсы алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ресейдің ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 10–11 қараша аралығында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр. Форум бағдарламасы Еуразиялық тұрақтылық пен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған 20-ға жуық тақырыптық іс-шараны қамтиды.
