Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келіп, ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Әуежайда оны Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Әуежайда Қазақстан президентін Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы болып табылады және оған мүше мемлекеттердің басшылары кіреді. Ол ұйым қызметінің түбегейлі мәселелерін қарастырып, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осы мақсаттарға жету үшін мүше мемлекеттердің үйлестіруін және бірлескен қызметін қамтамасыз етеді.
