Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады. Құттықтау хатын Арман Қырықбаев табыс етті.

    Тоқаев Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыс етті.

    Құттықтауда Президент Сауытбек Абдрахмановтың отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

    «Саналы ғұмырыңызды ұлттық рухани құндылығымыздың кең қанат жаюына арнап келесіз. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінің беделін арттыруға, отандық медиа саласының жаңа белеске көтерілуіне қосқан үлесіңіз мол. Сіз саяси-әкімшілік қызметтерді абыройлы атқарып, қоғам дамуындағы іргелі істердің бел ортасында жүрдіңіз», – делінген құттықтауда.

    Мемлекет басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ та жемісті ғұмыр тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →