Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты •

    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз

    «Бернли» бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы пікір білдірді. Футболшының алаңға оралу мерзімі әзірге белгісіз.

    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз

    Фото: ФК «Бернли»

    Англияның «Бернли» клубының бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың жарақатынан кейінгі жағдайына қатысты пікір білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мамандардың болжамынша, жас шабуылшы қараша айындағы ұлттық құрамалар ойындарына арналған үзілістен кейін де команда сапына бірден қосылмауы мүмкін. Бапкердің айтуынша, Сәтбаевтың алаңға оралу мерзімі әзірге белгісіз. Футболшының артқы сан бұлшықетіне қатысты мәселелері бар. Қазіргі уақытта оның жағдайын «Бернли» клубының медициналық штабы бақылап отыр. Ойыншының қалпына келу барысы «Челсимен» бірлесіп қадағалануда, себебі футболшының трансферлік құқығы лондондық клубқа тиесілі.

    «Көру керек. Сәтбаевқа келсек, нақты айта алмаймын. Меніңше, ол тағы біраз уақыт алаңға шықпайды. Қарашадағы үзілістен кейін көптеген ойыншымыз қатарға қосылады деп ойламаймын», – деді Фабио Челестини.

    Бапкер командадағы өзге футболшылардың да жарақатына байланысты жағдай оңай болмайтынын жеткізді. Атап айтқанда, Хамфристің жағдайы қосымша тексеріліп, оның да бірнеше апта бойы алаңға шықпауы мүмкін екені айтылды.

    Айта кетейік, Дастан Сәтбаев биыл «Челси» клубымен келісімшартқа отырған болатын. Қазақстандық шабуылшы Англиядағы футбол жүйесіне бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Оның «Бернли» сапындағы ойын тәжірибесі жас футболшының кәсіби мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →