Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды

    Атыраудағы Жасөн Садықов көшесінің тұрғындары сүру жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауына наразы. Олар шаң-тозаң мен ауыр техникадан қауіп төніп отырғанын айтады.

    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды

    Атырау қаласындағы Жасөн Садықов көшесінің тұрғындары ғимараттарды сүру жұмыстарының қауіпсіздік талаптарын сақтамай жүргізіліп жатқанына алаңдаулы. Олардың айтуынша, мердігерлер құрылыс аумағын тиісті деңгейде қоршамай, шаң-тозаңға тосқауыл болатын шараларды да қолға алмаған. Соның салдарынан тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төніп отыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, Жасөн Садықов көшесіндегі №1 үйдің тұрғыны Таншолпан Сембайқызы редакцияға хабарласып, көршілес ғимараттарды бұзу кезінде қауіпсіздік талаптары ескерілмей жатқанын жеткізген.

    «Қайғылы жағдай орын алса, кім жауап береді?»

    Тұрғынның сөзінше, үй іргесінде қызу жүріп жатқан сүру жұмыстары кезінде аумақ тиісті деңгейде қоршалмаған. Ал ауыр техниканың қозғалысы тұрғындар, әсіресе балалар күнделікті пайдаланатын жолға қауіп төндіріп отыр. Сонымен қатар құрылыс алаңынан көтерілген шаң-тозаң айналаға таралып, тұрғындардың мазасын қашырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →