СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп
СҚО-дағы Тайынша мен Үлкен Изюм арасындағы тозығы жеткен тасжол шұңқырдан өтуге мүмкіндік бермей, жүргізушілер мен жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Халық әкімдіктен сапалы жол салуды талап етеді.
Видеодан кадр
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша мен Үлкен Изюм арасындағы тасжолдың сиқы сұмдық, халықтың төзімі таусылуға жақын.
Шұңқырдан аяқ алып жүргісіз бұл бағыт күнделікті жол-көлік оқиғаларына себеп болып, жүргізушілердің өмірін тікелей қатерге тігіп отыр.
СҚО-дағы бұл ойқы-шойқы жол қарапайым жұрттың қатынасын қиындатып, халықты ашынғанның үстіне ашындыра түсті.
Жергілікті тұрғындар әкімдік пен құзырлы органдардан бос сөзді қойып, сапалы жол салып беруді талап етуде.
Облыс басшылығы халықтың бұл ашу-ызасын естіп, нақты шара қолдана ма, әлде бәрі бұрынғыша қала ма?
Видео: domowoy_news
