Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды •

    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды

    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды

    Фото: Видеодан скрин

    Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратумен айналысқан жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында полицейлер құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш ораманы тауып, тәркіледі.

    Тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет атқарғаны анықталды.

    Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді.

    Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →