Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды
Фото: Видеодан скрин
Астана – Петропавл тасжолында болған жол апатынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Полицей 3 қарашада қызметтік көлік пен JAC автокөлігі соқтығысқан апаттан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, JAC жүргізушісі жылдамдық пен көлік арасындағы арақашықтықты сақтамай, полиция көлігіне соғылған. Сол сәтте тәртіп сақшылары арнайы жол техникасын сүйемелдеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, JAC жүргізушісі ұсталды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
