Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты •

    Салық түсімінің азаюы: мұнай өндірісі мен мораторий әсері

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық түсімдерінің азаюына мұнай өндірісінің қысқаруы, кредиттеу талаптарының қатаюы және акциз мораторийі әсер еткенін айтты.

    Салық түсімінің азаюы: мұнай өндірісі мен мораторий әсері

    Қазақстан бюджетіне түсетін салық түсімдерінің төмендеуіне бірнеше фактор әсер етті. Олардың қатарында мұнай өндіру көлемінің қысқаруы, тұтынушылық кредиттеудің азаюы және акциз саясатына қатысты мораторий бар. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Вице-министрдің айтуынша, биыл мұнай өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 5 млн тоннаға азаяды. Егер былтыр бұл көрсеткіш 101,5 млн тоннаны құраса, биыл 96 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

    Бюджет кірісіне кредит беру талаптарының қатаюы да кері әсерін тигізген. Сонымен қатар, акциз саясатына қатысты мораторий салдарынан бірқатар өңірде жоспарланған түсім көлеміне қол жеткізу қиындаған.

    Әмриннің сөзінше, әсіресе мұнай өңдеу зауыттары орналасқан Шымкент, Павлодар және Атырау облыстарындағы жағдай маңызды. Оның айтуынша, бұл үш өңірде акциздер жергілікті бюджет кірісінің шамамен 40 пайызын құрайды.

    Вице-министр салық кодексіне енгізілген өзгерістер бюджет кірісін толықтырудың негізгі көздерінің біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, салық реформалары бюджет түсімдерінің өсуіне ықпал етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →