Инфляция 9,2%-ға төмендеді: азық-түлік бағасы тұрақталып келе ме?
Қазақстанда инфляция 9,2%-ға төмендеді. Вице-министр Азамат Амрин азық-түлік бағасының тұрақтануы мен тарифтерді реттеу жұмыстары туралы айтты.
Қазақстанда инфляция деңгейі 9,2%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді. Оның айтуынша, елде инфляцияны төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Вице-министрдің дерегінше, өткен жылы инфляцияның ең жоғары деңгейі 12,6%-ды құраған. Ал биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 9,3%-ға дейін төмендеген. 1 қарашадағы мәлімет бойынша, инфляция 9,2%-ды құрады.
Азамат Амрин инфляцияның баяулауына негізінен азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруі әсер еткенін атап өтті. Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Атап айтқанда, тамыз, қыркүйек және қазан айларында азық-түлік бағасының айлық көрсеткіші 0,1%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, ақылы қызметтер тарифтерін реттеу мәселесі Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен жоспары аясында қарастырылып жатыр.
