Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды

    Ауыр атлетикадан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Алексей Чуркин 85 кг салмақта төртінші орын алды, Едіге Емберді 16-орынмен аяқтады.

    Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды

    Сурет: inbusiness.kz

    Нинбо (Қытай) қаласында өткен ауыр атлетикадан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Алексей Чуркин төртінші орынды иеленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы 85 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жұлқи көтеруде Чуркин 168 килограммды бағындырды. Ал серпіп көтеруде ол 210 килограммды көтерді. Осылайша, екі жаттығудың қосындысы бойынша қазақстандық 378 килограмм жинап, қорытынды хаттамада төртінші сатыға тұрақтады.

    Жарыс жеңімпазы Мысырдан келген Мохамед Абдельрахман Эльсайед болды — оның нәтижесі 390 килограмм. Күміс медальді колумбиялық Йейсон Лопес (387 кг) еншіледі, ал қола жүлдені Қытай өкілі Лэй Цзяньцин (382 кг) иеленді.

    Қазақстанның тағы бір өкілі Едіге Емберді жарысты 16-орынмен аяқтады. Жұлқи көтеруде ол 157 килограммды, серпіп көтеруде 198 килограммды бағындырды. Оның қорытынды нәтижесі 355 килограмм болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →