Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген

    Серік Ибрагимов подкаста әріптестеріне ренжулі екенін айтты. Ол алғашқы киносын 1 миллион теңгемен бастап, 140 миллионға түсіргенін және 200 мың теңге сұрағанда да бермегенін жеткізді.

    Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі: 200 мың сұрағанда да бермеген

    Фото: видеодан скриншот

    Отандық подкастардың бірінде танымал әнші әрі кино продюсер Серік Ибрагимов әріптестеріне ренжулі екенін айтты. Ол «Заманback» фильмі арқылы кино әлеміне қадам басып, продюсерлік қызметін бастағанын және алғашқы киносын 1 миллион теңгемен бастағанын ашық әңгімеледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әншінің сөзінше, кино түсіремін дегенде оған ешкім сенбеген. «Барлығы келеді де “Нестеп жатсың, қадаласың” деді. “Мен жігітпін, тәуекел етіп көрейін, қолдамайсыңдар ма? Нәтижесін күтсеңдерші” дегем. Мен 1 миллион теңгемен бастадым. Әркімнен қарыз сұрадым. Сөйтім ақша жинап, 140 миллионға кино түсірдім. Бірақ, көп досым қолдаған жоқ. Қолдағандар саусақпен санарлықтай. Сол кезде мен бәріне ренжім қалғам. “Мен әншімін ғой, 1 тойға кіріп тауып беремін, 500 мың, 200 мың теңге берші” деп сұрасам да бермеген», — деп айтқан Серік Ибрагимов.

    Ол өзін қолдап, сенім білдіргендердің арасында әйелі мен туыстарынан бөлек Мейрамбек Беспаевты атап өткен. Өнер иесінің айтуынша, Мейрам Беспаев әншінің бұл қадамына қолдау білдірген.

    Серік Ибрагимов сол сәттерде әйелімен келісімге келгенін де айтқан. Ол кино түсіріп, бірақ нәтижесінде минусқа кетсе үйді сатып, қарыздарды жабамыз деп келіскен. «Мен тәуекел етем, түсірем. Сол кезде кино 80 миллиондай шығады деп ойладым. Минусқа кететін болсақ қарыздарды жабамыз, келісесің ғой деп айттым. Әйелім: Болды, бірақ сен ұтылмайсың” деді».

    Айта кетейік, әншінің кино продюсер ретінде бастаған алғашқы киносы «Заманback» 1,5 миллиард пайда тапқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →