Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

    Атырауда бір қабатты қонақүй ғимаратында өрт шығып, толық сөндірілді. ТЖМ 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды, зардап шеккендер жоқ.

    Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

    Сурет: istockphoto

    Атырау қаласында бір қабатты қонақүй ғимаратында өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Құтқару жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

    «Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →