Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті •

    Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады

    Қазақстан Республикасының күніне орай әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. Путин, Си Цзиньпин, Трамп және басқалар жеделхат жолдады.

    Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады

    Сурет: politico.kz

    Қазақстан Республикасының күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстанды ұлттық мерекемен құттықтаған көшбасшылар қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және басқа да мемлекет басшылары бар.

    Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтіп, елдің халықаралық аренадағы беделіне жоғары баға берген. Сондай-ақ ол екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген.

    Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға тоқталып, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өткен. Ол қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірген.

    АҚШ Президенті Дональд Трамп та Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хатын жолдаған. Ол екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалап, мемлекеттер арасындағы берік байланысты одан әрі нығайтуға сенім білдірген.

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дамуын атап өткен. Ал Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан тарихи оқиға екенін айтқан.

    Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған да екіжақты достық пен ынтымақтастықтың маңызын атап өткен. Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың стратегиялық серіктестік аясында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірген.

    Сонымен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльз және Корея Президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан халқына ізгі тілектерін жолдаған.

    Франция басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 35 жылдығына тоқталып, Қазақстан мен Францияның халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары жақын екенін атап өткен. Ал Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльз Қазақстанмен арадағы достық қатынастарды жоғары бағалап, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізген.

    Бұдан бөлек, Германия, Италия, Аустрия, Швейцария, Беларусь, Армения, Иран, Пәкістан, Индонезия және басқа да мемлекеттердің басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдаған. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Анани және ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев те Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін білдірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →