Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті •

    Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды

    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жыл бұрынғы концерттерінде 40-50 көрермен болғанын, қазір 40-50 мыңнан аса тыңдарман жиналатынын айтты.

    Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайрат Нұртастың өнер жолының бастапқы кезеңін еске алып, бүгінгі жетістіктеріне шүкіршілік етті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында 20 жыл бұрынғы концерттер мен қазіргі көрермендер саны туралы жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын Қайрат Нұртастың концерттеріне небәрі 40-50 адам жиналған. Ал бүгінде әнші әр қалада мыңдаған тыңдарманының алдында өнер көрсетіп жүр.

    Продюсер қазіргі жетістіктерін атап өтіп, ұлының өнер жолына қолдау білдірген көрермендерге алғысын жеткізді.

    «20 жыл бұрын міне осылай 40-50 көрерменнен бастағанымыз, көпшіліктің есінде шығар. Аллаға сансыз шүкірлер, қазіргі таңда, шет елден келген әншілер жинай алмаған 40-50 мыңнан аса көрермендерімізге күнара, әр қалада концерт беріп, халықтың батасын алып жатқанымызға шүкір-шүкір, шүкір Алла! Ұлыма бір Алла жар болсын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →