Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Азия Пара ойындары: ел қоржыны төрт жүлдемен толықты

    Азия Пара ойындары: ел қоржыны төрт жүлдемен толықты
    Фото: t.me/parateamkz

    Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    23 қазанда өткен тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижемен алтын медаль иеленді.

    Ал Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

    Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.

    Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды
    Фото: t.me/parateamkz

    Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

    Осылайша, V Азия Пара ойындарының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалпы жүлде саны 47 медальға жетті. Оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль бар.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →