Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды
Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды. Нәресте 26 аптада дүниеге келіп, 70 күн реанимацияда жатты, қазір салмағы 1,8 келіге жетті.
Фото: freepik
Алматыда 679 грамм болып дүниеге келген нәресте аман қалды. Бұл туралы хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сәби жүктіліктің 26-аптасында, 8 тамызда дүниеге келген. Анасына шұғыл кесарь тілігі жасалған.
Шақалақ 70 күн реанимацияда жатты. Ұзаққа созылған ем мен күтімнің нәтижесінде оның жағдайы жақсарып, реанимациядан шығарылды.
Қазір сәбидің салмағы 1,8 келіге жеткен. Үш күннен бері анасымен бір палатада жатыр.
