Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде •

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын мақұлдады. Мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді, Ұшқышсыз күштер құрылады.

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді

    Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, онда қорғаныс саласын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, Қауіпсіздік кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент еліміздегі ауқымды өзгерістерді ескере отырып, қорғаныс саласын жаңғырту қажеттігін атап өтті. Ол қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық армия құрудың ерекше маңызды екенін айтты.

    «Қарулы күштердің сапасын өзгерту міндеті қойылды. Бұл басқаруға, әскери қызметшілерді даярлауға, кадр саясатына, әскери білімге, қорғаныс жоспарлауына және технологиялық жарақтандыруға қатысты. Қызмет қауіпсіздігі, қолбасшылық мәдениеті, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі ерекше назар аударуды талап етеді. Армияның қоғаммен өзара іс-қимылы да өзгеруі керек. Бұл кешенді реформа туралы. Жартылай шешімдер мұнда қажетті нәтиже бермейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Отырыс барысында Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева әскери құрылыстың халықаралық тәжірибесін, қазіргі заманғы ұрыс жүргізу әдістерін және отандық мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген Жоспардың негізгі ережелерін таныстырды.

    Құжат мемлекеттің бүкіл әскери ұйымының тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық өзгерістерді көздейді. Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару жүйесі мен қорғаныс жоспарлауын жетілдіру, Ұшқышсыз күштерді қалыптастыру және армияның негізгі компоненттерін күшейту жоспарланып отыр.

    Әскери реформаның маңызды аспектісі – мерзімді қызметтің екі кезеңді моделіне көшу. Жаңадан шақырылғандар алғашқы алты айды оқу орталықтарында даярлықтан өтіп, келесі алты айда әскери бөлімдерде тікелей қызмет етеді, бұл ретте ұрыс даярлығына және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға баса назар аударылады.

    Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет. Әскери кеңесшілер және Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру, сондай-ақ жарғыдан тыс қатынастарға жол бермеу, әскери тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды қабылдау жоспарлануда.

    Сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлық жүйесін дамыту, мамандандырылған әскери мектептер желісін кеңейту және бастапқы әскери даярлықты жетілдіру қарастырылған.

    Қарулы күштерді жаңғырту жөнінде қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов баяндама жасады.

    Әскери реформаның маңызды элементі Қарулы күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау және «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидаты негізінде тәрбие жұмысының сапасын арттыру болмақ. Бұл шаралар армиялық тәртіпті нығайтуға және қоғамның армияға деген сенімін арттыруға бағытталған.

    Жоспардың ұйымдастырушылық іс-шаралары ағымдағы жылдың соңына дейін, негізгі тұжырымдамалық шаралар 2027 жылы іске асырылады.

    Отырыс барысында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

    Президент әскери қауіпсіздік барлық мүдделі органдардың келісілген жұмысын талап ететін жалпыұлттық міндет екенін атап өтті.

    Отырыс қорытындысы бойынша әскери реформа жоспары мақұлданды. Мемлекет басшысы жоспарланған өзгерістерді уақтылы, толық іске асырудың шешуші маңызға ие екенін мәлімдеді. Жоспарды орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру үкімет пен Қауіпсіздік кеңесіне жүктелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →