Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды
Тасжолдың 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы КамАЗ тіркемесіне соғылды. Екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды. Тергеу басталды.
Сурет: Видеодан скриншот
Тасжолдың 143-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы өзімен бір бағытта қозғалған КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Соқтығыс салдарынан шағын автобуста болған екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы он жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары жол апатына әкелген себептер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге кеңес берді.
