Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті
Алматыдағы кафедегі төбелеске қатысты 28 жастағы «Nazarrollan» блогері күдікті болды. Ол тергеуге келмей, Қазақстаннан кетіп қалған.
Фото: freepik
Алматыда кафеде болған төбелеске байланысты 28 жастағы «Nazarrollan» деген лақап атпен танымал блогер қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылды. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Арандатушылық сипаттағы видеоларымен және көлікті қауіпті басқаруымен белгілі болған ол бұған дейін жол ережесін бұзғаны үшін жеті тәулікке қамауға алынған болатын.
«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, Роллан «Льдинка» кафесіндегі төбелеске қатысы бар деген күдікке іліккен. Істі Алматының Алмалы аудандық полициясы тергеп жатыр. Осы іс аясында оның сүйіктісінің есімі де аталады.
Блогер тергеу әрекеттеріне шақырылғанымен, келмеген. Кейін оның Қазақстаннан кетіп қалғаны анықталды. Болжам бойынша, ол қазір Таяу Шығыста немесе Оңтүстік-Шығыс Азияда болуы мүмкін.
