Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды • Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді • Өскеменде тұрғын үй өрті: 12 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды •

    Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты

    Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскен балалар саны артты. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәлімдеуінше, қазір 43 ұл және 5 қыз бала ем қабылдап жатыр.

    Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты

    Фото: depositphotos.com

    Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай улануына байланысты ауруханаға жеткізілген балалар саны көбейді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Омбудсмен ауруханаға түскен балалардың жағдайымен танысып, оларды аралап шықты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта медициналық мекемеде 43 ұл және 5 қыз бала ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар ауруханаға тағы үш оқушы жеткізілген.

    «Балалардың барлығы РФММ интернатында тұрады. Олар еліміздің әртүрлі облыстарынан келген. Жағдайлары тұрақты», – деп жазды Динара Закиева.

    Осы оқиғадан кейін Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс Бостандық аудандық полиция басқармасының бөлімшесінде тіркелген.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру қорытындысы да ескеріледі. Тергеу нәтижесінде балалардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →