Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды •

    Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді

    Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық паркінде шыққан орман өрті жедел оқшауланып, толық сөндірілді. Экология министрлігі 11 қазанда бір өрт тіркелгенін хабарлады.

    Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді

    Сурет: istockphoto

    Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өрті тіркелді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау жедел оқшауланып, толық сөндірілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    11 қазанда Қазақстан бойынша бір ғана орман өрті болған. Ол Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында шыққан. Өрт даладағы жалынның мемлекеттік орман қоры жерлеріне таралуы салдарынан орын алған.

    Өртті сөндіруге мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әуе десанттары жұмылдырылды.

    Өрт ошағы анықталған сәттен бастап жедел хабарлау жүйесі арқылы қажетті күштер мен құралдар оқиға орнына уақытылы жеткізілді. Соның нәтижесінде өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді, – деп хабарлады министрлік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →