Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады •

    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды

    Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде әншінің концертінен кейін көрермендер арасында кептеліс туындағаны туралы жазба тарады. Threads желісінің @vengeance.ve қолданушысы концерттің ұйымдастырылуына сын айтып, көрермендердің ұзақ уақыт бойы кіреберісте тұрып қалғанын жеткізген.

    Жазба авторының сөзінше, концертке жиналған адам саны алаңның сыйымдылығынан асып кеткен. Соның салдарынан қақпа ашылғаннан кейін де көрермендер билет алған аумаққа кіріп, өз орындарына жайғаса алмаған.

    Осы жағдайға қатысты Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

    Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде жарақат алған 18 жастағы қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

    «Қазір науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, жағдайы мамандар бақылауында», – делінген басқарма хабарламасында.

    Қазіргі уақытта ведомство өзге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияламады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →