Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Таразда «Мұра коды» тақырыбымен халықаралық сән фестивалі өтті • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Таразда «Мұра коды» тақырыбымен халықаралық сән фестивалі өтті •

    «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті

    «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті

    Фото: видеодан скрин

    Алматыда өткен концерт кезінде Қайрат Нұртасқа фан-аймақтан телефонға немесе пауэрбанкке ұқсайтын зат лақтырылып, әншінің басына тиген,деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға әнші көрермендерге қарап ән орындап тұрған сәтте болған. Қайрат Нұртас жағдайға сабырмен қарап, тек жымиып қойған.

    Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты пікір білдіріп, оның реакциясын әзілмен талқылаған.

    «Жаным сол, қандай керемет, жай ғана жымиып тұр», – деп жазғандардың бірі.

    Ал кейбір қолданушылар Қайрат Нұртасқа зат лақтырылған жағдайды басқа әншілердің реакциясымен салыстырған.

    «Төреғали болса, бұлай қалмас еді», «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді», – деп әзілдеген олар.

    Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 4 қазанда жеке концертін өткізді. Бұған дейін әнші Астанадағы «Астана Аренада» да ауқымды концерт берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →