Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәдина Сәдуақасова: Бойым 159 см болса да, подиумға шығамын • «Балаға қандай контет ұсынып жүрміз?»: маман оқушылар мен жастардың санасын қалыптастырудың жолын жіктеді • 342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды • Ұлттың тамырын ғылыммен танытқан ғұлама: Оразақ Смағұловтың өнегелі ғұмыры • «Балама көмектесіңіз»: Василий Тахтай түрмеде отырған әкенің тілегін орындады • Новосибирскідегі қазақстандық студенттер украиналық блогерге туған жерге деген сағынышын жеткізді • Мәдина Сәдуақасова: Бойым 159 см болса да, подиумға шығамын • «Балаға қандай контет ұсынып жүрміз?»: маман оқушылар мен жастардың санасын қалыптастырудың жолын жіктеді • 342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды • Ұлттың тамырын ғылыммен танытқан ғұлама: Оразақ Смағұловтың өнегелі ғұмыры • «Балама көмектесіңіз»: Василий Тахтай түрмеде отырған әкенің тілегін орындады • Новосибирскідегі қазақстандық студенттер украиналық блогерге туған жерге деген сағынышын жеткізді •

    Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

    Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тәулік бойы «Жедел әрекет ету штабы» жұмыс істейді. Жылу болмаған, су аққан немесе ақау туындаған жағдайда тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына жүгіне алады. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

    «Жылыту нысандарын орталық жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына және тұрғындар үшін маңызды басқа да нысандарға беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де нысандар жылу жүйесіне қосылады», – деді басқарма өкілдері.

    Тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін пәтерлердегі радиаторлар мен бекіту арматурасының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Жылыту жүйесіне өз бетінше тиісуге, соның ішінде радиаторларды алып тастауға немесе жүйедегі суды ағызуға болмайды. Мұндай әрекеттер апатқа, жылыту жүйесінің жұмысы бұзылуына және тікқұбырлардағы жылудың өшуіне әкелуі мүмкін.

    Сондай-ақ, радиаторлар мен жылыту тікқұбырларына баратын жолды жауып тастауға немесе қалың пердемен жабуға болмайды, өйткені бұл жылу беруді төмендетеді. Жылу беріле бастаған алғашқы күндері қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Радиаторлар қатты қызуы мүмкін, сондықтан балалар мен үй жануарларына ерекше назар аудару қажет.

    Өтінішті 109 жедел желісі мен Бірыңғай диспетчерлік орталықтан бөлек, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауға болады.

    Еске салайық, Алматыда жылыту маусымын 9 қазанда бастау жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →